Астанада көшеде түкірген адамдар камера арқылы анықталады

Нұр-Сұлтан мәслихатының депутаттары көшеде түкіргендерге жазаны қатайтып, оларды бейнебақылау камералары көмегімен анықтап, жазалауды ұсынды.

Тәртіпбұзушылар автокөлік нөмірлері бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіп бұзу санын азайтады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіпбұзушылар жауапкершілікке тартылады – әкімшілік айыппұл. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру қаланың көркін бұзып қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына себеп болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қала әкімшілігі мұндай заңбұзушылықтарға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына хабарласа алатынын атап өтті. Оны растау үшін заңбұзушылықтың сурет немесе видеосын қоса жолдау қажет.

Бірлескен жұмыс арқылы ғана қала тазалығын сақтап, коммуналдық қызметшілер жұмысына құрметпен қарауға болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мәдениет пен мінез-құлықтың қарапайым нормаларын сақтауға шақырамыз, — деп түйіндеді әкімдік өкілдері.