Ішкі істер министрінің бұйрығымен екі оқу орнының басшылары жазаланды

Ведомствоның мәліметінше, ІІМ жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.

Тексеру ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығы сапалы, тиімді оқу мен оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүргізілмегенін көрсетті.

Бұған қоса оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған.

Бұған академия мен институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын дұрыс орындамауы себеп болған, — делінген ІІМ хабарламасында.