Тоқаев Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.

Жеделхатта мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.