16 тамызда Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі өтеді

Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі 16 тамыз күні сағат 10.00-де «Ғылым ордасында» (Ғылым академиясының ғимараты, Құрманғазы көшесі, 29 Уәлиханов көшесінің қиылысы) өтеді. Жаназалық асы сағат 13.00-де «Жалын» мейрамханасында (Достық даңғылы, 304) беріледі. Қонақасы ертең — 15 тамызда сағат 19.00-де сол мейрамханада өтеді, — деп жазды Ермұрат Бапи Facebook-тегі парақшасында.

Еске салайық, кеше, 14 тамызда мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасқа қараған шағында жүрек талмасы ұстап, кенеттен қайтыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.