Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 14 тамызда мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасқа қараған шағында жүрек талмасы ұстап, кенеттен қайтыс болды.