Юлия Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық спортшы әуелі ширек финалда әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуледен 3:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Содан кейін жұптық сайыста америкалық София Кенинмен бірге жартылай финалға шығу үшін матчта Мэдисон Кейс (АҚШ) пен Сане Мирземен (Үндістан) ойнады, тағы жеңіліп қалды — 5:7, 6:3, 6:10.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 46-орында тұр.