“Скорая” — медбригаданың қызықтары туралы веб-сериал

Веб-сериалдың трейлерінде Рүстем Омаров, Әбунасыр Серіков және Ілияс Көпжасаров сияқты Басты рольдегі актерлер бой көрсетті.

Мен ең жағымсыз кейіпкерді ойнаймын — ылғи жедел жәрдем бригадасымен ұрысып, оларға кедергі жасап жүремін. Мұндай рольде бірінші рет ойнап тұрмын, әдетте мен мейірімді, аңқау кейіпкерлерді ойнайтын едім. Ал мына жерде өзіне сенімді, мақсаты айқын кейіпкер. “Скорая” авторлары мені сонысымен қызықтырды. Әуелі іріктеуге қатыстым, рольге бекіткен соң Алматыға ұшып келдім. Қазақстандық киноөндірістің дамуына қызыға қараймын. Жаңалықтардан құр қалмаймын. Әсіресе, “5:32” қатты ұнады, — деді арнайы шақырылған ресейлік актер және әзілкеш актер Ренат Мухамбаев.

Скорая сериалы
Фото: Salem Social Media

Актерлік құрамда Ренат Мухамбаевтан басқа жас актер, вайнер Ілияс Көпжасаров бар, оны Salem social media түсірген «Өмір» веб-сериалындағы рөлі үшін көрермен жақсы көреді. Актер бұл сериалда өзіне үйреншікті амплуада боламын деді.

Өмір «сериалында бірбеткей, қатал Максты ойнау мен үшін қиын болды, бірақ команданың арқасында көрерменнің жүрегіне жете алдық. Ал бұл жерде біз көрерменді күлдіруіміз керек. Бұл әрине жеңіл емес, бірақ өзіме үйреншікті. Өмірде өзім көңілді, әзілдеп жүргенді ұнатамын. Сондықтан сериалдағы Сико өзіме жақынырақ. Жұмсақ, қамқор, кішкене ездеу, бірақ оның әрекеттерін бақылау қызығырақ, —  деді жас актер.

Скорая сериалы
Фото: Salem Social Media

«Скорая» сериалының режиссёр — Олжас Нұрбай. Ол Salem social media ұсынған «Сәке» веб-сериалының екі маусымын түсірген. Қоюшы-оператор — Азамат Дулатов.  Азамат үшін бұл сериал бірінші веб-сериал болмақ. Оның айтуынша, қазақстандық контент-мейкерлер өндірісті біршама алға жылжытып тастады.

Мен бірнеше жыл бойы қазақстандық веб-индустрияда не болып жатқанын бақылап жүрмін, мен сыртқы нарыққа көп түсіріп, саттым, бірақ жерлестерімнен қол үзген емеспін. Сондықтан маған «Скорая» сериалын түсіруге шақырғанда мен қуана келістім. Қазақстандық сериал өндірісі, әсіресе интернет-кеңістіктегі өнімдер әлемдік деңгейде бәселесе алады, сондықтан мен оған қатысқым келеді, — деді Азамат Дулатов.