Алматыда Сайран көлінің табаны тазартылады

2022 жылдың соңына дейін Сайран су қоймасының түбін механикалық тазарту жұмыстары басталады. Іргелес аумақты қатар абаттандыра отырып, су қоймасын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірленіп жатыр. Әзірлеу аяқталғаннан кейін 2023 жылдың 2 тоқсанында жөндеу жұмыстарына кірісу көзделген, — дейді Ерболат Досаев.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, жоба келесі міндеттерді қамтиды:

  • су түбін тұнба мен шөгінділерден тазарту;
  • жобада жергілікті жағдайларға және мамандандырылған техниканың болуына байланысты тазартудың неғұрлым қолайлы тәсілін (немесе тәсілдер комбинациясын) анықтау;
  • жағалауды қоқыстан тазарту;
  • су айдындарының түбін және жағалауды өсімдіктерден (қамыс, балдыр, жабайы өсінділер) тазарту;
  • тұнба көп жиналған аймақтарды тереңдету (зерттеу нәтижелері бойынша анықтау);
  • эрозияға және шайылуға ұшыраған жекелеген учаскелерде жағалауды бекіту құрылғысы.

Жұмыс жобасында мыналар қамтылады:

  • су объектілерінің экологиялық жай-күйін қалпына келтіру, қорғау шаралары;
  • су басу және судың тіршілік әрекетін бұзу қаупі мен салдарларын азайту шаралары;
  • гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • су қоймаларының гидравликалық сипаттамаларын, ұзақ уақыт бойы алынған оң өзгерістері сақтау.