Президент БҰҰ бас ассамблеясы 76-сессиясының төрағасымен кездеседі

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.

Абдулла Шахид Мальдив Республикасының үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ жұмыс істеген көрнекті саясаткер және білікті дипломат ретінде кеңінен танымал.

Гендерлік теңдіктің қайратты жақтаушысы өз елінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сонымен қатар сыртқы қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізген.