Қызылорда, Маңғыстау облыстарында құрғақшылық болуы мүмкін

Синоптиктердің болжауынша, Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Қарақия аудандарында бұрынғыша құрғақшылық болжанып отыр.

Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында және Қостанай облысының Арқалық қаласы ауданында жауын-шашын тапшылығы күтіледі,- делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының Мәртөк және Қобда аудандарында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Ақмола облысының Ерейментау ауданында ылғалданудың оңтайлы жағдайлары болжанды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Мүсірепов ауданы және Степногорск пен Ақтөбе маңы есептеулерге сай, өте ылғалды болады. Республиканың қалған аумағында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады деп күтіледі.