9-11 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мәліметінше, солтүстік антициклон республиканың батыс жартысына әсер етеді, осылайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі жылы ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Осылайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болады деп болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел соғуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы күндіз батыста +30 +38 градус, солтүстік-батыста +27 +35 градус, солтүстікте +18 +25 градус, орталықта +17 +28 градус, шығыста +18 +30 градус, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33 градус шегінде, таулы аудандарда 13 +20 градус болады.