Басты бетЖаңалықтарБақытгүл Хаменоваға...

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауысты

Сот отырысы бүгін, 3 тамызда Атыраудағы №2 сотта басталып, небәрі 20 минутқа созылды.

Сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.

Еске салайық, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.