Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жетті

Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атыраудың №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевқа ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылды.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.