Қор нарығында доллар 3,76 теңгеге арзандады

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 тамыз кешімен салыстырғанда 3,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475,79 теңге болды.

Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 51 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Нұр-Сұлтан бойынша сату бағамы – 474, 5 теңгеден болса, сатып алу – 479.

Ресей рублі 7,35- 7,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.