Берік Адамов Алматы облысының прокуроры болды

Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Берік Адамов прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Астананың, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан асады. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болған. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.