Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

Еске салайық, спортшы бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған болатын.

Ойыншының допинг сынамасы оң нәтиже бергенін журналист Сергей Райлян мәлімдеді.

Ол футболға 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін орала алмайды, яғни 30 жасқа толуына бір айдан аз уақыт қалғанда. Бұл мансаптың соңы ма?, — деп жазды Сергей Райлян.

Айбол Әбікен наурызда Молдовамен өтетін УЕФА ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында допинг сынамасынан өте алмаған. 2022 жылы ол Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Павлодарлық «Ақсу» командасында ойнаған.

Айбол Әбікен — Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы «Қайрат» сапында өткізген.