Қызылорда облысында «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өтті

3 күн ішінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыста 28 құқықбұзушылық анықталды.

Іс-шара барысында облыс аумағында орналасқан жеті дәріхана тексеріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабы (фармацевтика қызметінің және дәрілік заттармен медициналық бұйымдардың айналымы саласының қағидаларын бұзу) бойынша үш заңбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 36,25 грамм есірткі заты марихуана, дәріханалардан 22 дана таблеткалар алынып тәркіленді, – деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.