Қызылорда облысының экс-әкімі бостандыққа шықты

Ақпаратқа сәйкес, биыл 7 шілдеде сот Қуанышбек Ықақовтың жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Бұған дейін ЗК-169/5 колониясының өкілі сотталушыға берілген мінездемені қолдап, экс-әкімнің жазасын өтеу кезінде «белгіленген ішкі тәртіп пен режим талаптарын бұзбағанын» айтқан еді.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Қуанышбек Ысқақов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.