Ауыл әкімдерін жаңашылдыққа оқыту өте маңызды міндет

Көшпелі 3 күндік семинарлар «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру» және «Пайдаланылмайтын жер учаскілерін мемлекет меншігіне қайтару» тақырыбында өткізілетін болады.

Оқудың ашылуында Amanat партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев қатысушыларға сәттілік тілеп, алған білімдерін ауылдық округ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға жұмсауға шақырды.

Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренеді, ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгереді. Бизнес-жоспарларды дайындауды үйренеді, жобаларды қаржыландырудың ықтимал көздері, сертификаттау мен стандарттау бойынша толық ақпарат алады. Кооперативтерді ұйымдастыру және өткізу тізбегін құру жүйесін білетін болады. Әр саланың технологиялық карталары бойынша ұсыныстарды сақтау арқылы тиімді өндіріс процестерін түсінеді.

Оқыту ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруға көмектеседі.

Оқу процесінде дағдыларды практикалық жағынан дамытуға баса назар аударылады. Сондықтан семинар барысында қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде өзекті кейстер (азық дайындау, ІҚМ сүтін, ІҚМ және ҰММ етін дамыту, ЖҚШ үшін ірімшік қайнату, ТБС, сұлулық салоны, тігін шеберханасы және т.б.) мысалында пысықтайды. Жұмыс дәптерінде әр жобамен нақты жұмыс істейтін болады. Кейіннен курс тыңдаушылары бұл материалды басқа жобалар үшін үлгі ретінде пайдалана алады.