Алматы балабақшаларындағы орын тапшылығы талқыланды

Қазір мегаполисте 866 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 192-сі мемлекеттік болса, қалған 674-і жекеменшік балабақша.

Қалада мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі мәселе — орын тапшылығы. Қазір 43 мыңнан астам бала кезекте тұр. 2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту жоспарланып отыр, — дейді Қайрат Жұманов.

Қайрат Жұманов қалада 560 орынға арналған екі мемлекеттік балабақша салынып жатқанын айтты. Бұған қоса биыл Алматыда 69 жекеменшік балабақша ашылады.