Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:

  • Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
  • Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
  • Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
  • Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сонымен бірге сот Елдос Қоспаевқа іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.

Ал Айдос Қоспаев пен Руслан Шалин күдікті деп танылды.