Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарының мына көшелері мен тұрғынжай аумақтарында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су өшіріледі:

  • 25-29 шілде аралығында — Бехтерев — Жұмабаев — Кассина — Шереметьев;
  • 25 шілдеден 15 тамызға дейін — Көкжиек ықшамауданы — Геологов — Первомай мұнай базасы.

Ведомство мәліметінше, шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Мақалаға реакция