Басты бет / Жаңалықтар /
су, ыстық су, суық су
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматының екі ауданында бір тәулік ыстық су болмайды

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

13 шілде сағат таңғы 09:00-ден кешкі 21:00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды, – делінген хабарламада.

Шектеулер жылу желілерін жоспарлы жөндеу үшін енгізіледі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақала туралы ойыңыз?