Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасының директоры болды

Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! «Хабардың» дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!,- делінген хабарламада.

Фото: Берік Уәли

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болды.

Жайна Сламбекқызы — Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).