Тоқаев ОА елдерін қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күш біріктіруге шақырды

Оның айтуынша, Орталық Азия елдері ақпараттық кеңістікте бүкіл аймаққа зиян келтіретін келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін өзара іс-қимылды күшейтуі керек.

Бұл жұмыстың мәні біздің достығымыздың мызғымастығында болуы керек. Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы қарым-қатынасымызды бөлуге бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы тұру үшін бірігуіміз керек, — деді Тоқаев мемлекет басшыларының IV консультативтік кеңесінде.

Президенттің айтуынша, Орталық Азия БАҚ-тарында ел өңірлеріндегі жаңалықтарды жариялауда өткір ақпараттық аштық сезіледі.

Бұл тенденцияны өзгерткен жөн. Бәлкім, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құрудың мәні бар шығар. Осы жайттарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азияның тиісті ведомстволары мен ақпарат агенттік басшыларының тұрақты негізде кездесулерін өткізген тиімді болар еді, — деп қосты Қазақстан президенті.