Тоқаев: Орталық Азия бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуға тиіс

Күн тәртібінің басты мәселесі қауіпсіздік пен дипломатия саласындағы өзара іс-әрекетті нығайту болып қала бермек. Бұл Орталық Азия халықтарының гүлденуі үшін тиісті шарттарды қамтамасыз ету мақсатында өте қажет. Орталық Азия өңірі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, жан-жақты ынтымақтастық, бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуға тиіс, — деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы қауіпсіздікке қатердің алдын алу жөніндегі шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының тұрақты консультатциясы тетігін іске қосқан жөн екендігін баса айтты.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық мәселелердің негізгі мәселелері бойынша келісілген әдістер әзірлеу үшін сыртқы істер министрлеріне жарты жылда кемінде бір рет тұрақты түрде кездесулерін тапсыруды ұсынамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.