Барлық ауылда 4G интернеті болады — Дәурен Абаев

«Қазіргі кезде жыл соңына дейін радиожиілікті стансалардың құрылысын жоспарлап отырмыз. Еліміздің барлық аудан орталықтарын 4G стандартындағы интернетпен қамтамасыз етпекпіз. Бұл өз кезегінде сапалы әрі жылдамдығы жоғары желіні іске қосуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Біз сандық теңсіздік бойынша алшақтық мәселесін түсінудеміз, яғни қала мен ауыл арасында осындай жағдай қалыптасып отыр. Алдағы екі жылда жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтайтын боламыз»,-деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ министр атқарылатын шаралар екі кезеңді қамтып отырғанын айтты. Біріншісінде, 2017-2019 жылдары 1 291 ауыл интернетке қосылады деп болжануда. Ал екінші кезең аясында 2020-2025 жылдарда шамамен 4 мыңға жуық елді мекен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, бірінші кезеңде 2 млн тұрғыннан астам, сондай-ақ келесі кезеңде 1,5 млн адам қамтылатын болады.

ДереккөзInform.kz