Оралдағы автобустардың қай жерде келе жатқанын білуге болады

Бұған дейін 10 қалалық бағытта жүретін 217 автобусқа аталмыш құрылғы орнатылып, жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындарда диспетчерлік пункттер жабдықталған болатын.

Қалада барлығы 33 бағыт болса, күн сайын солар бойынша 500-дей автобус жолға шығады.

Жалпы, бұл мәселені түпкілікті шешу үшін «Орал» ӘКК» ҰК-мен бірлесе отырып, Үкіметтің қолдауымен Еуропа қайта құру және даму банкі қаржысы есебінен қалалық қоғамдық көлікті жаңғырту ойластырылуда.

Бұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгінов: «Біз бұл мәселені тасымалдаушы кәсіпорындармен бірлесе отырып, кешенді түрде  шешетін боламыз. Ең бастысы, автобус қатынасы тұрғындар үшін қолайлы болуы керек. Кейбір бағыттар бойынша қосарлана жүру кездеседі, сондықтан автобус жеткілікті болуы да мүмкін, бірақ жүйе жоқ. Адамдар көп жүретін кезде қыстыгүні балаларды алмай кету ақылға сыймайды. Бұл ретте, әсіресе, №7 бағыт бойынша қызмет көрсетушілерге қатысты қатаң шара алатын боламыз», деді.

ДереккөзInform.kz