Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті К.К. Мәсімов, А.Т.Сәдіқұлов, Д.Е.Ерғожинге қатысты қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 175 б, 1 т, 179 б, 1 т, 218 б, 3 т, 362 б, 4 т, 366 б, 4 тармағы бойынша тергеліп жатқанын хабарлайды. Қамауда ұстау мерзімі жеті айға — Сәдіқұлов пен Мәсімовтың мерізімі 2022 жылдың 6 тамызына дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 3 тамызына дейін ұзартылды, — делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын. 6 қаңтарда ол ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.