Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы айтылды

Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Қашанға дейін ұзартады?, — деп сұрақ қойды журналистер.

Күзге қарай анықталады деп ойлаймын. Менің білуімше, іс материалдары құпия. Сол себепті сот жабық өтеді. Мұны сот органдары анықтайды. Бәрібір онда мемлекеттік құпиялар бар, — деп жауап берді Амерханов мәжіліс отырысынан кейін кулуарда.

Сонымен қатар журналистер қаңтар оқиғасын тергеу қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады.

Іс жүргізу бойынша үш айға ұзартуға құқығымыз бар. Әр үш ай сайын. Жоқ, бұл жылдарға созылмайды. Бірақ өте ауыр мәселе, тағылған айыптар ауыр, — деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні неге әлі күнге дейін жарияланбағанын түсіндірді.

Оларды санатқа бөлу керек, кім қалай қаза болды. Біреу тонауға қатысқан, біреу шабуыл жасаған, біреу абайсызда қаза болған, — деп қосты ол.