Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында тағы бір Тальго пойызы қатынайды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойызы екі қаланың арасында күнара қатынайды.

«Пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан 2022 жылғы 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтіледі. Алматы-2 станциясынан 18 шілдеден бастап жұп күндері жүретін болады, — делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерді) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобайл қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуді сұрайды. Вагонда орын болмаған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынады.