Өзбекстан-Қазақстан өткізу пункті мен теміржол уақытша жабылады

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбек әріптестерден келіп түскен ақпаратқа сәйкес Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» — «Тәжен» пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. «Қарақалпақия» – «Бейнеу» бағытындағы теміржол қатынасы да тоқтауы мүмкін, — делінген ҰҚК баспасөз мәлімдемесінде.

Осыған байланысты аталған өткізу пунктері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраған. Өткізу пунктерінің жұмысы қайта басталғанда Өзбекстан тарапынан қосымша хабарландыру жасалады.