Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды

Алматының Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен тұрғынжайлар контурларында шектеледі:

11 шілдеден 15 шілдеге дейін:

  • Хмельницкий — Староэлеваторская — Бакинская — Куйбышева,
  • Шахтинск — Аяз би — Демченко — Атбасар,
  • Урицкий – Бейсебаева — Нұрсая — Бартольд,
  • Остроумова — Красногорская — Дегдар — Остроумова;

11 шілдеден 1 тамызға дейін:

  • Райымбек — Жуалы — Абай — Алтын орда.

Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.