Дубайда ұшатын дрон-таксилер шықты

Қазіргі уақытта EHang 18 дрон-таксиі Біріккен Араб Әмірліктерінің Транспорт министрлігінде тесттен өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін ол бір рет Бурж Аль Араб көп қабатты ғимаратының маңайынан ұшып өткен еді.

Такси бір адамға арналған. Себебі жүктің жалпы салмағы 100 килограммнан аспауы керек. Толығымен автоматтандырылған. Жолаушы тек баратын мекен-жайды көрсетеді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Голландияда да ұшатын таксилер сатылымға шыққан еді. Олар 3,5 шақырым биіктікте 180 км/сағатпен 500 шақырымға дейін ұша алады.

ДереккөзJoinfo.ua