Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды

Өткен аптаның соңында ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Нұр-Сұлтанның Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы болып Дулат Жұмағұлов тағайындалды. Ол бұрын осы басқармада бастықтың орынбасары болып қызмет атқарған болатын, — деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі.

Оның дерегінше, министрдің бұйрығымен көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары болып Оралбек Омаров, Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне Бауыржан Әбенов бекітілді.

Ал Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметіне Нариман Акбаров тағайындалды, — деді ол.