Елімізде бір тәулікте 187 адам коронавирус жұқтырды

1 шілдедеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда — 46, Алматыда — 92, Шымкентте – 16, Ақмола облысында – 2, Алматы облысында — 8, Атырау облысында — 6, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Жамбыл облысында — 5, Батыс Қазақстан облысында — 2, Қарағанды облысында — 6, Қостанай облысында — 1, Маңғыстау облысында — 1, Түркістан облысында — 1 адамнан вирус табылды.

Бір күн бұрын 189 адамнан коронавирус инфекциясы табылған болатын.

Айта кетейік, 48 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.