Әйтенов қаңтар оқиғасы туралы: Шымкентте ешкім оқ атуға тапсырма берген жоқ

Журналистер әкімге «Қаңтар оқиғасы кезінде штаб оқ атуға бұйрық берді. Штабты әкім басқарған. Оқ атуға рұқсат қандай жағдайда берілді, сізді не мәжбүрледі?» деген сұрақ қойды.

Оқ атуға ешкім тапсырма берген жоқ. Заңға сәйкес, бүгінгі күннің өзінде құқық қорғау қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрса, өз қаруын қолдануға рұқсаты бар. Барлығын ату деген тапсырма болмаған да, болмайды да, — деп жауап берді Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар қала әкімі қаңтар оқиғасында видеоның ашық түрде БАҚ арқылы көрсетілгендігін жеткізді.

Қолына темір-терсек ұстаған азаматтар полицияны ұрып жатқан видео да бар. Біз оны ашық түрде жергілікті БАҚ-та көрсеттік. Шымкентте ұсталған тәртіп бұзушылылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кінәсі дәлелденгендерге сот шешім шығарды, — деді қала әкімі.