Астананың 10 көшесінде көлікпен жүруге тыйым салынады

Аталған жобаның мақсаты — Астана қаласында тұрғындарға қолайлы кеңістік қалыптастыру. Оны Астананы және агломерацияны орнықты дамыту жөніндегі кеңес отырысының қарауына қаланың Урбанистика орталығы ұсынды. Ол Плейсмейкинг (placemaking) жобасы деп аталады.

Жобаны іске асыру үшін 10 көше таңдап алынған. Олар: Бейбітшілік көшесі; Тілендиев көшесі; Қабанбай батыр даңғылы; Абылай хан даңғылы; сондай-ақ Мұңайтспасов көшесі — Тәуелсіздік даңғылы — Момышұлы даңғылы — Жұмабаев көшесі квадраты; Мұңайтпасов көшесіндегі саябақ; Ақбұлақ жағалауы; Ғашықтар саябағы; «Евразия» СҮ ауданы; Сулы-жасыл желекжолы.

Плейсмейкинг
Плейсмейкинг жобасы, ©Inform.kz

Орталық басшысы Асхат Садуовтың айтуынша, бұндай қоғамдық кеңістіктердің қажеттілігі әлемнің түрлі қалаларында дәлелденген, БҰҰ Хабитат құралдарында зерттеліп, сипатталған артықшылықтары бар.

ДереккөзInform.kz