Фестивальді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж, Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институты өкілдігінің аймақтық директоры Абахон Сұлтонназаров, КИМЭП университетінің бірінші проректоры Тимоти Барнетт ашып берді.

Go Viral сахнасы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Go Viral сахнасы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral биыл Алматыда алтыншы рет бірнеше жүздеген адамның басын қосып отыр. Алайда осы жылы жаңашыл жастардың алаңына айналған шара алғаш рет Душанбеде, Ташкентте және Бішкекте өтті.

Шараға Алматы тұрғындарымен қоса, Орталық Азияның бірнеше елінен қонақ келген. Соның бірі — 23 жастағы Ташкент тұрғыны Диор Қасымова. Ол анимация мектебінде координатор болып жұмыс істейді және журналистика мамандығында оқиды.

Диор Қасымова
Диор Қасымова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Диор бұған дейін Ташкентте өткен Go Viral фестивалінде волонтер болған, соның арқасында Алматыдағы фестивальге қатысуға мүмкіндік алған. Диор Қазақстанға бірінші рет келіп тұр.

Ташкенттен алты адам келдік. Алматыға баратынымызды естігенде ерекше қуандық. Фестиваль деңгейі жоғары деуге болады, өзіме бәрі ұнап жатыр, — дейді ол.

Диор достарымен бірге фестиваль аяқталған соң Алматының көрікті орындарын аралауды жоспарлап отыр. «Көктөбеден» Алматының көрінісін тамашалап, қазақтың етінен дәм татқысы келеді.

Бұл шара әртүрлі ұлт пен жас, сала өкілінің басын біріктірді. Бүгіннің өзінде он шақты адаммен танысып, араласып кеттім. Go Viral болмаса, бұл кісілерді өмірімде көрмеуші едім ғой. Сонымен бірге нетуоркингте робототехника, озон туралы көп ақпарат алдым, — дейді Өзбекстаннан келген қонақ.

Диор Қасымова
Диор Қасымова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral – бұл əрі фестиваль, əрі лекциялар, әрі уоркшоптар мен панельдік пікірталастар, фильмдер мен музыкалық қойылымдар.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Панельдік талқылаулардың екінші легінде «Вирустық видеолар жасау жолдары», «Жадымызды қалай табамыз?» «Венчурлық инвестициялар. Кімге жəне неге инвестиция құйған дұрыс?» деген сияқты тақырыптар талқыланды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
D Billions YouTube-каналының авторлары Чолпонай Кенжеқұлова мен Эрнест Үметәлиев
D Billions YouTube-каналының авторлары Чолпонай Кенжеқұлова мен Эрнест Үметәлиев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Go Viral-дың Қазақстандағы амбассадоры Дастан Аққожаның сөзінше, Алматыда күн бұзылғанына қарамастан, фестивальге келіп жатқандар көп.

Go Viral фестивалінің Қазақстандағы амбассадоры Дастан Аққожа
Go Viral фестивалінің Қазақстандағы амбассадоры Дастан Аққожа. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әсер өте жақсы, біраз толқығаным рас, өйткені күн бірден бұзылып кетті. Алайда бұл адамдардың бір-бірімен араласуына көмектесіп жатқан сияқты. Бәрі ғимаратқа кірді. Жаңбырдың астында малмандай су болса да, тіркеуден өтіп, бері қарай жүгіріп келіп жатқандарды көрдік. Бұл — біз үшін қуаныш. Біз күткен деңгейден әлдеқайда жоғары өтіп жатыр. Қатысушылардың сұрақ қойып, белсенді болып жатқаны бізді таңдандырды. Бұл аудиторияның ақпаратты сұрыптап қабылдайтынын, тұтынатынын көрсетеді. Бұл біз үшін өзекті, себебі келесі жылы қандай тақырыптарды қозғайтынымызды қазірден білеміз, — дейді Дастан Аққожа.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Алматы», «Бішкек», «Душанбе», «Ашхабад», «Ташкент» атауы берілген залдарда медиа, технология, бизнес және мәдениет секторлары бойынша тақырыптар талқыланып жатыр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Connect-Ed жобасы авторларының бірі Гүлназ Қорданова фестивальдің алғашқы күнінде «Қазақстандағы цифрлық теңсіздік мәселесі, оны білім беру, бизнес және азаматтық секторлар перспективасынан еңсеру әдістері» тақырыбындағы панельдік талқылауға модератор болып қатысты.

Гүлназ Қорданова
Гүлназ Қорданова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Меніңше, біздің қаламызға осындай фестивальдар қажет. Мұнда пайдалы ақпарат алып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға болады. Мысалы, бүгін цифрлық теңсіздік туралы сөйлестік. Нәтижесінде жастардың бұл жөнінде не ойлайтынын, қандай перспективасы бар екенін білдік, — дейді Гүлназ Қорданова.

Гүлназ Қорданова
Гүлназ Қорданова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал бұл кезде «Ашхабад» залында Гүлмира Құсайынова, Данияр Қосназаров, Ұлпан Рамазанова сияқты медиа өкілдері «Қазақстандағы бас тарту мәдениеті» тақырыбын талқылап жатты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Спикерлер «Бас тарту мәдениеті немесе кэнселинг деген не», «Оның буллинг пен цензурадан айырмашылығы қайсы», «Бұл мәдениет Қазақстанда қолданылып жүр ме?» деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Данияр Қосназаров. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ұлпан Рамазанова
Ұлпан Рамазанова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жақында «Ирина Қайратовна» тобы мен Shiza  сахнаға мас күйінде шықты, халық қатты ашуланды. Дегенмен видео арқылы кешірім сұрағаннан кейін бұл мәселе тез ұмытылды. Меніңше, осы оқиғалардың өзі біздің қоғамда әлі күнге дейін бас тарту мәдениеті толық қалыптаспағанын көрсетеді, — деді спикерлердің бірі Ұлпан Рамазанова.

Go Viral символы — шапан, бұл Орталық Азиядағы пікір көшбасшылары, жаңашыл әрі шығармашыл адамдардың басын біріктіретін фестивальді білдіреді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Шапанда түрлі ою өрнек бар. Оны осыған дейінгі Душанбеде, Ташкентте, Бішкекте өткен фестиваль қатысушылары тігіп, кейін қиып, шапанға жабыстырған.

Алматыдағы Go Viral фестивалі эстафетаны қабылдап алды. Қатысушылардың әрқайсы үш күн бойы ою-өрнекті кестелеп, өз үлесін қосады. Осыдан кейін Go Viral символы Ашхабадтағы фестивальге жіберіледі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Фестиваль әлі 25-26 маусым күндері болады. Биыл фестивальге «Шеврон» компаниясы, MOST бизнес-инкубаторы, Батырхан Шүкенов атындағы қор, WeProject интернет басылымы, Baribar.kz порталы, Econetwork, «48 сағатта түсіру» қысқаметражды фильмдердің байқауы, Obscura компаниясы және American Space & MakerSpace Almaty қолдау көрсетті.

Наргиза Аршидин, Мейірман Лес