Басты бетЖаңалықтарОқу-ағарту министрі...

Оқу-ағарту министрі ауыл мектептерінің балаларымен кездесті

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу Назарбаев университетінде өтіп, онда 750 ауыл баласы жиналды. Әңгіме барысында мәртебелі қонақ балаларды IQanat республикалық слетіне қатысумен құттықтап, олармен мектепте оқудың маңыздылығы және өз іс-әрекеттері мен нәтижелері үшін жауапкершілік ала білулері туралы сұхбат құрды.

Жауапкершіліктен қорықпау керек. Өз басым адамдарда жауапкершілік сияқты сапалы қасиеттерді өте жоғары бағалаймын және құрметтеймін. Жауапкершілік әртүрлі болуы мүмкін, міндетті түрде ауқымды дүниеге қатысты емес. Мәселен бұл жаһандық мәселелерді шешу үшін кейіпкерлер Марсқа миссиямен барған кезде бәріміз кинода көретін орасан зор жауапкершілік қана емес. Өз іс-әрекетің мен қимылдарың үшін жауапкершілікті сезіну – нағыз керегі осы. Әдептілік, қарапайымдылық, еңбекқорлық, бір нәрсені жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыс, тәртіп, дұрыс шешім қабылдай білу — жауапкершіліктің барлық қырына осыларды жатқызуға болады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сонымен қатар министр барлық ақпарат қолжетімді дәуірде қазіргі мектеп оқушыларының мүмкіндіктері өте көп болғанымен, бірақ сонымен бірге оларға қойылатын талап та айрықша екенін атап өтті.

Бүгінде біздің жас ұрпақтың еліміздің және әлемнің үздік мектептеріне, озық жоғары оқу орындарына түсу үшін көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасының арқасында қазақстандықтар шетелде білім ала алады. Менің ойымша, қазіргі балалардың мақсаты асқақ, көздегені биік, — деді министр.

Кездесу барысында республикалық слетке қатысушылар министрге өз сұрақтарын қойды. Мәселен, Батыс қазақстан облысы Қаратөбе ауылының оқушысы Мағжан Жылғали министрдің алдында қандай мақсаттар тұрғанын және оларға қол жеткізу жолында қандай қиындықтар бар екенін сұрады.

Бәлкім менің адамдар, мақсаттар туралы түсінігімде қандай да бір жаһандық мұрат жоқ шығар. Ең бастысы — адам болып қалу, өз алдына, қоғам алдында, Отан алдында адал болу. Ал мақсаттарға қол жеткізу жолындағы қиындықтар күн сайын кездеседі және оларды адам өзімен және өзінің кейбір әдеттерімен жұмыс істей отырып, жеңе білу керек, — деп жауап берді министр.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі қазақстандықтармен ынталандыру кездесулері — IQanat республикалық оқушылар слеті бағдарламасының бір бөлігі. Слет аясында балалар олимпиадаға, тренингтерге, саяхаттарға қатысты, ал іс-шаралар соңында Балалар жылына арналған флеш-моб ұйымдастырады. Таяуда слетке қатысушылар «IQANAT білім беру қоры» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевпен кездесіп, жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету туралы әңгімелесті.

Айта кетейік, «Iqanat» жобасын іске асыру және ауыл оқушыларының осындай жоғары нәтижеге қол жеткізуі оларға көмек көрсету ниетімен біріккен ізгі жандар – қордың қамқоршыларының қолдауы арқасында мүмкін болып отыр.