Басты бетЖаңалықтарЖеңілдетілген несиемен...

Жеңілдетілген несиемен көлік беруге 75 миллиард теңгенің өтініші қабылданды

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер министрден аталған бағдарлама бойынша несие бөлу не себепті тежеліп қалғанын сұрады.

Бағдарлама тоқтап тұрған жоқ. Жалпы 100 миллиард теңге бөлініп, соның 75 миллиард теңгесіне өтініштер мақұлданды. Енді тағы 25 миллиард теңгесі қалды. Бастапқы күндердегі қарқынмен бірден 20-30 мың өтінішті қабылдай алмайды. Өйткені бағдарлама аясында тек 25 миллиард теңге қалды. Осы орайда ертең тұрғындар «неге өтініштерді қабылдамадыңдар» деп наразылықтарын айтуы мүмкін, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар министрге бағдарлама бойынша автокөлік қаншалықты жеткілікті болатыны туралы сұрақ қойылды.

100 миллиард теңгеге несиеге шамамен бірден 15-16 мың автокөлік алуға болады. Қазіргі кезде 10 мың көлікке есептелген өтінішті банктер мақұлдады, — деді министр.