Мысалы, биыл мамыр айының қорытындысы бойынша жанармай 4,7%, ал дизель отынының бағасы бірден 41,5% өскен.
Елде бензин мен дизель отынын өндіру көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1,6 миллион тонна жанармай шығарылды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық. Сектордағы өсім жетінші жыл қатарынан байқалып отыр.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша 1,7 миллион тонна дизель отыны өндіріліп, өндіру көлемі екінші жыл қатарынан өсіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4% артық.
Ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу үшін Қазақстанда автокөлікпен бензинді, дизель отынын, сонымен қатар басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Тыйым алты айға созылды. Кейін 2022 жылдың 21 мамырына дейін ұзартылды. Энергетика министрлігі 2022 жылдың аяғына дейін Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, дизель отыны импорты бір жылда 15,3%-ке, биыл бірінші тоқсанда 23 мың тоннаға дейін қысқарған. Экспорт бірден 6 есе, 17,6 мың тоннаға дейін төмендеді. Ішкі нарықта 2022 жылдың қаңтар-наурызында 1,2 миллион тонна дизель отыны сатылды. Ал бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3% артық.
2022 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша бензин бағасы өткен жылдың мамырына қарағанда 4,7% өсті. Тиісті кезеңдегі өсім осымен үшінші жыл қатарынан байқалады. Дизель отынының бағасы бірден 41,5% өсті, ал бұған дейін екі жыл қатарынан арзандаған болатын.
Жанар-жағармайдың жекелеген түрлерін алатын болсақ, бір жылда: жазғы дизель отыны – 24,6%, АИ-98 бензині – 9,6%, АИ-95/96 – 9,1%, АИ-92 – 4,2% қымбаттаған.