Энергетика министрлігі: 2022 жылы дизель 400 теңгеден болмайды

Энергетика министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жанармай құю станциялар желісі бойынша 2022 жылға арналған дизель мен бензин бағасына қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желілерде АИ-92 маркалы бензиннің болжамды бағасы 240 теңге, дизель бағасы 400 теңге болатыны көрсетілген жанармай құю станциялары желісінің құжаты тарап жатыр. Бұл болжам қаншалықты рас? 2022 жылы баға қандай болады, — деп сұрады журналист.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ақпараттық бюллетеньді әлеуметтік желіден көріп, компанияға хабарласқанын айтты.

Бұл хат екі айдан бері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Компания өз тұтынушылары үшін осындай болжамдар жасап, коммерциялық ұсыныс жасағанын айтты. Яғни, бұл шаруашылық субъектілері мен нарықты бағалау арасындағы қарым-қатынас. Менің ойымша, дизель 400 теңгеден болмайды. Негізінде, қазір бағаның біршама төмендегенін көріп отырмыз, — деді Әсет Мағауов.

Ол нақты баға мұнай бағасына байланысты болатынын және болжау қиын екенін түсіндірді.

Біз ішкі нарықтағы бағаларға әсер ететін белгілі бір корреляцияны көріп отырмыз. Себебі дизель отынын импорттауды жалғастырамыз. Бірақ қазан-қарашадағыдай ірі көлемде емес. Қазір импорт көлемі төмендеді, бірақ жалпы бағалармен корреляция бар, — деді вице-министр.

Әсет Мағауов бензин бағасы бойынша нақты жауап берген жоқ.

Қазақстан қазір бензинге қатысты өзін қамтамасыз етеді. Дизель бойынша биыл айтарлықтай импорт өтті. Бензин бойынша, ішкі қажеттіліктерімізді жабамыз, кейін бәрі бензин тұтыну қаншалықты өсетініне байланысты болады. Біз бензин бойынша биржалық сауда жүргіземіз, бұл — нарықтық индикатор. Күрт өсу үрдісін көріп отырған жоқпыз, — деді ол.

Бірақ ол Қазақстанда 2022 жылы АИ-92-нің литрі 240 теңгеге жетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап бермеді.

ДереккөзTengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз