Модель «классикалық» Zenbook категориясына жатады. Бұл — күнделікті белсенді пайдалануға арналған премиум санатындағы жұқа және жеңіл ультрабук. Бұл жолы корпустың қалыңдығы мен салмағы аздап өскен,  бірақ бұл аса білінбейді, оның үстіне, жаңа Zenbook қуаты айтарлықтай артыпты.

Baribar.kz порталының журналисі Наргиза Аршидин бұл ноутбукты біраз уақыт қолданып көрді.

Әріптесіміз кейінгі рет ноутбукты жеті жыл бұрын сатып алған. Алайда қазір құрылғысының жұмыс өнімділігі нашарлаған. Сол себепті жаңасын алғысы келіп жүр.

Сапасы мен моделіне қарап, таңдау жасау қиын болып жүр еді. Дәл осы ASUS ZenBook 14X OLED-ті cынақтан өткізгенім өзіме пайдалы болды, — дейді Наргиза.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ноутбук сипаттамасы

Операциялық жүйе Үйде қолдануға арналған Windows 11 Pro
Процессор  Intel® Core™ i7- i7-1165G7 дейін
Графика Intel Iris Xe (UX5400EA, UX5401EA)
Intel Iris Xe и NVIDIA GeForce MX450 (UX5400EG)
Дисплей 14” 16:10 OLED 2.8K WQXGA (2880×1800) 90 Гц, жоғары жарық 550 кд/м2, контрастылығы 1000 000:1, жауап беру уақыты 0,2 мс, көгілдір жарықты 70% аз шығарады, ASUS Pen ститулусын қолдайды
Екінші дисплей ScreenPad 2.0 (5.65” FHD+ (2160×1080) IPS (тек UX5400EA/UX5400EG-да)
Оператив жады 8 немесе 16 ГБ LPDDR4X
Интерфейстер Wi-Fi 6 (802.11ax) гигабит класы, Bluetooth 5.0

Инфрақызыл камера  3D HD Windows Hello-ды қолдайды

Батарея және өнімділігі Автономды жұмыс уақыты 10 сағатқа дейін

Мобайл аккумулятормен және смартфонның қуаттығышымен зарядтауға болады

Power Delivery

Көлемі және салмағы 311х221х16,9 мм; 1,4 келі
Түсі

 

Сұр және ашық күлгін

 

Дисплейі және экраны

OLED дисплейі бар ASUS ноутбуктері әр детальді егжей-тегжейлі көрсете алады. Бұл — өзге дисплейлерге қарағанда барлық реңк қанық көрінеді деген сөз, фото және видеоматериалдарды кәсіби өңдеуге және кез келген мультимедиа контентін жасауға өте ыңғайлы.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Көгілдір жарық көзге ыңғайсыздық тудыратыны және ұйқының сапасын нашарлатады. OLED дисплейлерін өндіруде қолданылатын арнайы органикалық материалдардың арқасында ASUS ноутбуктері мұндай жарықты 70% аз шығарады.

Сонымен бірге ASUS OLED дисплейлерінің тағы бір артықшылығы — балалардың көру қабілетін қорғауға көмектеседі. Балалардың көзі әлі толық дамып жетілмеген, олардың жанары мен көзінің мүйізгек қабығы ересектерге қарағанда мөлдір, сондықтан көгілдір жарық оған оңай еніп, көздің ішкі тор жарығы ерте қартаюы мүмкін. Ал ASUS OLED дисплейлері балалардың көру қабілетін қорғаудағы ең жақсы таңдау болары сөзсіз.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал әріптесіміз Наргизаға ноутбуктың дисплейімен қоса, түгелдей экран болғаны ұнапты.

Ескі ноутбугымның экраны айналасында қап-қара жиектемесі (рамка) бар. Мұның бұрын фильм көргенде, жұмыс істегенде кедергі болатынын енді ғана байқап отырмын. Ал ASUS Zenbook 14X OLED толығымен экран жасаған екен, артық ештеңе жоқ. Бұл өте қатты ұнады, — дейді Наргиза.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

ASUS Zenbook 14X OLED-тің тағы бір артықшылығы — ErgoLift. Бұл құрылғыны бірігіп қолданатын кезде өте ыңғайлы дер едік. Өйткені ноутбуктың өзін үстелге қойып, қақпағын 180° ашсаңыз, әріптестеріңізбен немесе достарыңызбен қандай да бір контентті бірге көруге немесе жатып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде клавиатураны қолдану бұрынғыдай ыңғайлы бола береді, сонымен бірге салқындату жүйесі мен дыбысы жақсырақ жұмыс істейді.

Салмағы мен көлемі

Zenbook 14x OLED салмағы — небары  1,4 келі, ал оның корпусының қалыңдығы — 16,9 миллиметр. Мұндай құрылғы кез келген сөмкеге сыйып кетеді және жолға шыққанда масыл болмайды. Саяхаттағанда немесе күнделікті тасып жүре аласыз.

Әріптесіміз Наргиза да көп саяхаттайды. Сол себепті оған құрылғының жұқа әрі жеңіл болғаны бірден ұнапты. Өйткені өзінің қазір қолданып жүрген құрылғысын әрі-бері тасу қиын.

Кез келген кішкентай сөмкеге салып алуға ыңғайлы екен. Мысалы, өзім көп қыдырамын, саяхаттаймын. Мұндай кезде багажға 20 келі, ал қол жүгіне 5 келі жүк алуға ғана рұқсат етеді. Осындай сәтте ASUS Zenbook 14X OLED тасып жүруге қолайлы. Күнделікті өмірде де рюкзак емес, кішкентай сөмке немесе шоппер ұстағанды жөн көремін. Ішінде косметика, қуаттағыш сияқты ұсақ-түйек заттар болады, оған енді үлкен, салмағы ауыр ноутбукты қоссаңыз, сырт көзге де әдемі көрінбейді, бұған қоса, ауыр болып кетеді. Ал ASUS жеңіл әрі жіңішке болғандықтан мұндай проблема жоқ, — дейді Наргиза.

Наргиза Аршидин, ASUS Zenbook 14X, ноутбук
Наргиза Аршидин. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Дыбысы

Қазір көпшілігі қашықтан жұмыс істейтіндіктен видеобайланысты негізі қарым-қатынас құралы ретінде қолданады. Сол себепті ASUS мамандары машинамен оқыту негізінде шуылды басудың тиімді технологиясын жасады. MyASUS қосымшасында ClearVoice Mic функциясы бар, ол дыбыс жазған кезде фондағы шуылды басып тастайды, ал Multi-Presenter режимі конференц-байланыс кезіндегі жеке дауыстардың деңгейін теңестіретін қабілетке ие. Clear Voice Speaker функциясы шуды дәл осылай жояды және ноутбукты пайдаланып отырған адам өзінің сұхбаттасушысын жақыннан естиді.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Zenbook 14Х OLED ноутбугының тағы бір кереметі — сыңғырлаған дыбысы. Мұнда Harman Kardon фирмасы сертификатын берген тамаша аудиожүйе бар.

Фильм көргенді жақсы көремін. Әсіресе, демалыс күндері үйде достарыммен қараймын. Теледидар болмағандықтан ноутбукты қосуға тура келеді. Сондай кезде ноутбуктың дыбысы маңызды. ASUS Zenbook 14X OLED-тің дыбысы қатты да, ақырын да емес. 4-5 адам анық ести береді, бір шетінен көршілердің мазасын да алмайсың, — дейді ол.

Наргиза Аршидин, ASUS Zenbook 14X, ноутбук
Наргиза Аршидин. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ASUS Zenbook 14X, ноутбук
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Өнімділігі мен батереясы

Ноутбуктың автоном жұмыс істеу уақыты — 10 сағат. Жылдам зарядталады. Ноутбукты мобайл аккумулятормен немесе смартфонның қуаттығышымен қайта зарядтауға болады.

Басқа брендтердің бұған дейінгі ноутбуктарының қуаттағышы әртүрлі болатын. Ал ASUS брендінің қуаттағышы Type-C екен. Бұл қуатты тез береді және жоғалтып алсаң, қайта сатып алу үшін іздеп табу оңай, — дейді әріптесіміз Наргиза.

Клавиатура және жаңартылған тачпад

ASUS ZenBook 14X OLED-те әр ұсақ-түйек мұқият ойластырылғаны байқалады. Мысалы, ноутбукты өшіріп-қосатын батырма, бұған қоса, саусақ ізі арқылы пайдаланушыны (Windows Hello функциясы) тани алады. Бұл үшін тек бір рет түрту жеткілікті.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Корпустың дәл ортасында сенсор панель бар. Оған NumberPad 2.0 қосымша функциясы енгізілген. Бұл — цифрлы клавиатура блогымен біріктірілген тачпад, яғни құрылғының дәл осы бөлігі сандарды енгізуге және курсорды басқаруға мүмкіндік береді. Ақылды алгоритм сіздің қайсын қолданғалы жатқаныңызды өзі автомат анықтайды.

Күнделікті журналистік қызметімнен қоса, магистратурада оқып жүрмін. Жуырда диссертациямды қорғадым. Өзіме ноутбуктың клавиатурасы өте маңызды, әсіресе, істеген жұмысыңнан әсер алу жағынан. ASUS Zenbook 14X OLED-тің клавиатурасымен жұмыс істеу жағымды екен. Қазіргі ноутбугыма қарағанда, әріптері де үлкен екенін байқадым. Бұл көру қабілеті нашарлаған адамдарға артықшылық деп есептеймін, — дейді Наргиза.

ASUS Zenbook 14X (UX5401)
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әріптесіміз бұған қоса, ASUS-тың жаңа өнімінде тінтуір (mouse) жалғайтын орын бар екенін жеке-дара атап өтті.

Кейбір ноут модельдерінде тінтуірді жалғайтын орын қалдырмайды. Өзіме бұл ұнамайды. Өйткені тінтуірмен жұмыс істеу қашан да ыңғайлы. Ал ASUS Zenbook 14X OLED-те бұрынғыдай USB арқылы мұны жалғауға мүмкіндік жасапты, — дейді ол.

Zenbook 14Х OLED екі модификацияны енгізді: UX5400 ақылды ScreenPad тачпадын қосты, UX5400 — цифрлық пернетақта блогы бар NumberPad тачпад. UХ5400 моделі офисте жұмыс істейтін Acrobat, PowerPoint, браузер және тағы басқаларын жылдамдатуға арналған дискретті емес ойын класындағы графикалық картамен жабдықталған.

Наргиза Аршидин, ASUS Zenbook 14X, ноутбук
Наргиза Аршидин. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қорытынды

Бүгінгі шолуымызды қорыта келе, ASUS ZenBook 14X OLED-тің мынадай артықшылықтарын атап өткіміз келеді:

  • жұқа әрі жеңіл, ноутбук кез келген сөмкеге сыйып кетеді, фрилансерге таптырмас сыйлық бола алады;
  • дисплейі көзге зиян жарықты 70% аз шығарады және балалардың көзін құртпайды;
  • түстің бәрін анық көрсетеді;
  • ноутбуктың қақпағы 180° бұрылады;
  • ноутбукта көп қолданба мен бет ашық тұрса да, қатып қалмайды;
  • құлаған кезде берік екенін дәлелдеген және биіктікте, ылғалда, жоғары температурада жұмыс өнімділігі азаймайды.
НОУТБУККЕ ШОЛУ ASUS ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАН

Asus logo