Алматы аймағында жер сілкінді

«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансылар желісі жер сілкінді деп хабарлады.

Жер сілкіну ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 9.5. Магнитудасы — 3.8 MPV. Тереңдігі — 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

ДереккөзInform.kz