Тоқаев референдум қорытындысы бойынша үндеу жасайды

Бүгін сағат 20.00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтті.

Заң бойынша, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 50%-тен астамы қатысса, «референдум өтті» деп есептеледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша референдумға Қазақстанның дауыс беруге құқығы бар азаматтарының 68,06%-і қатысқан. Оның 77,18%-і Қазақстан конституциясына енетін өзгерістерді қолдаған, 18,66%-і «жоқ» деп дауыс берген.