Өзбекстан шекарадағы карантин талаптарын жеңілдетті

Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Сертификаты немесе вакцинация паспорты жоқ келушілерден елге барардан кемінде 72 сағат бұрын тапсырылған ПТР-тест нәтижесін (электрон QR-коды бар) немесе шекаралық өткізу бекетінде антигенге тапсырылған тесттің теріс нәтижесін ұсыну талап етіледі.

Бұл ретте 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация туралы сертификаттың немесе паспорттың, ПТР тесттің және антигенге экспресс-тесттің нәтижесін алу қажет емес.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон коронавирус инфекциясының жаңа штаммының таралуына қарсы карантин шаралары аясында шекараны кесіп өтуге шектеулер енгізген болатын.

16 наурызда Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантин шектеулерін алып тастады.