Түркістанда емдік шөпті заңсыз жинаған Өзбекстан азаматтары ұсталды

Арыс ауданының тәртіп сақшылары заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 23 азаматын ұстады, олар кеурек дәрілік шөбін заңсыз жинаған. Заңсыз жүрген шетелдіктер жазықта шатыр жасап, дәрілік шөпті жинаған, — деді полиция өкілдері.

Ұсталған шетелдіктер әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 517-бабы, 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, елден шығарылды.