«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды

3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты, — деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.