«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады, — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, суық қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсатын жедел тергеу тобы тексереді, — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.